Қазақстандық актер Жахан Отарғалиев 10 баласы бар әйелге көмек керек екенін мәлімдеді.
Жахан Отарғалиев бала аңсап жүргеніне 15 жыл болғанын айтып, елден көмек сұрады
5,668
оқылды

Ол осылайша көпшіліктен көмек сұраған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Баланы аңсап жүргеніме 15 жыл болады екен. Ал мына кісілердің 10 баласы бар. Әркімнің сынағы әртүрлі. 10 баласы бар отбасы бір баспанаға зәру», - дейді ол.

Актер өз сөзінде көпбалалы отбасына баспана алып беру үшін көмек сұрады.

«Атырауға келу себебімнің бірі осы болатын. Көпбалалы отбасының баспаналы болуына сіз бен біз атсалысайық. Үлкен қызы Ақжарқын оқу ақысын төлей алмаған соң оқудан шығып қалыпты. Егер оқу ақысын төлесе, қайта қабылданады екен. Сол үшін бір жылдық оқу ақысын өзім мойныма алдым. Біздің болашағымыз білімді жастар ғой. Бәрі жақсы болады», – дейді Жахан Отарғалиев.

Өз кезегінде көпбалалы ана соңғы бір айда 4 үй ауыстырғанын жасыра алған жоқ.

«Басқаға бай болмасам да, балаға баймын. Жолдасымның ақшасы тек тамаққа кетеді. Жаңа киім де алып бермеймін. Бірінікін бірі киіп өсіп жатыр. Бірақ баспанамыздың болмауы жанға батады. Біз бір айда 4 үй ауыстырдық. Көпбалаға ешкім үйін бергісі келмейді. Өте қиын жағдайдамыз», – деп көпбалалы ана көз жасына ерік берді.