Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Нөсер жаңбыр, тұман, бұршақ: 9 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
5,596
оқылды

"Қазгидромет" РМК 9 маусым, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Еліміздің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Күндіз Алматы, Қызылорда, Жетісу облыстарында күн қатты ысиды. Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Абай өңірінің батысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында қатты ыстық болады. 

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Атырау облысында, Түркістан облысының солтүстік, батыс, шөлейтті аудандар бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында, Маңғыстау өңірінің орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.