Синоптиктердің болжамына сүйенсек, маусымның 8-10 күндері елде Мәскеу аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн райы құбылмалы болады.
Демалыс күндері елімізде +42°С-қа дейін ыстық болады
1,943
оқылды

Еліміздің басым бөлігінде алдағы екі күнде күн жылынып, ауа температурасы +35+42°С-қа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Тағы бір аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Мысалы, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, - делінген хабарламада.

Соған қарамастан Жерорта теңізі аумағынан жылы ауа келіп, көптеген өңірлерде ауа температурасы +27+35°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +35+42°С-қа дейін ысиды деп күтілуде.