Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері көмекке келді.
Ақмола облысында 80 жастағы әже құлыптаулы пәтер ішінде құлап, тұра алмай қалды
Фото: ТЖМ
1,041
оқылды

Степногор қаласында 80 жастағы әже құтқарылды, - деп жазды Aikyn.kz.

Ол өзінің жабық пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмаған. 1944 жылы туған әйелге Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері көмекке келді. 

«Оқиға орнына келген құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен 3-қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, еденде жатқан әжейді тапты, кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады ТЖМ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.