Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды.
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды
Фото: ТЖМ
684
оқылды

Алматы облысында жол апаты салдарынан бес адам көз жұмды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы-Өскемен тасжолының 55 шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік апаты болды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты. Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 

12 жастағы кәмелетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

«Құрметті жүргізушілер, рұқсат етілген жылдамдық режимін асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», – деп ескертті полициядан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.