ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.
Маңғыстауда жас жігіт суға батып кетті
623
оқылды

Ақтаудан 25 шақырым жерде "Шора" каналында 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға шомылуға жабдықталмаған жерде болған.

ТЖД қызметкерлері жігіттің суға батып бара жатқан әкесін құтқарып алды.

– ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды, – делінген ведомство хабарламасында.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.