Ұстаудың алдында оларға қатысты ұзақ мерзімді жедел іздестіру шаралары жүргізілген. 
"Адам ұрлап, бөтеннің мүлкін тартып алған": Қызылордада қылмыстық топ мүшелері ұсталды
1,096
оқылды

Мамыр айында Қызылорда қаласында ІІМ және ҰҚК Бас прокуратураның үйлестіруімен аймақтағы криминогендік жағдайға теріс әсер еткен қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұстаудың алдында оларға қатысты ұзақ мерзімді жедел іздестіру шаралары жүргізілген. 

– Күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін дәлелдеу олардың криминалдық байланыстарының көп болуымен қиынға соқты. 

Барлық факті бойынша тексеру жүргізілуде. 

Топ мүшелері өз мақсаттарын іске асыру үшін адамдарды ұрлап әкетіп, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. 

Сондай-ақ олардың ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсетуге, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласында бопсалауларға қатысы тексерілуде. 

Топтың негізгі мүшелері қамауға алынды. Атыс және травматикалық қару, ірі мөлшерде қаражат тәркіленді. 

Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.