«Таза бейсенбі» акциясы енді әр апта сайын жалғасатын болады.
«AMANAT»: Қызылордалықтар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына үн қосты
918
оқылды

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» акциясына үлес қосты. Республика көлемінде тазалықты сақтауға үндеген акция аясында сырбойылық аманаттықтар қала орталығындағы азаматтардың демалыс орны саналатын Б.Шөкенов атындағы саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Акцияда партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына қолдау білдіріп, бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізіп келе жатқандығын жеткізді.

«Таза бейсенбі» акциясының мақсаты – азаматтарды мәдениет пен қоршағаны ортаны таза ұстауға үндейтіндігін атап өтіп, бұл бағытта «Өңірде қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған ірі жобаларды іске асыру жоспарланғандығын тілге тиек етті. Сонымен бірге өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру және ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту шараларына қоғам болып жұмылу қажеттігіне тоқталды.

Жалпы Сыр өңірінде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясы «Таза Қазақстан – таза аймақ» атауымен өте белсенді жүргізілуде. Партияның «Таза бейсенбі» акциясын да партияның фракция мүшелері, бастауыш ұйымдары мен «Жастар рухы» Жастар қанаты өкілдері қала, аудан, ауыл маңындағы қоқыстарды тазартуға көмек көрсетті.

«Таза бейсенбі» акциясы енді әр апта сайын жалғасатын болады.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.