Синоптиктердің айтуынша, елдің көп бөлігінде найзағай тұрып, қатты желмен жаңбыр жауады.
Жаңбыр, жел, 33 градус ыстық: 11-13 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: needpix.com
1,757
оқылды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2024 жылғы 11-13 маусым аралығына Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің айтуынша, елдің көп бөлігінде найзағай тұрып, қатты желмен жаңбыр жауады. Ең қарқынды жаңбыр 11-12 маусымда шығыста, 13 маусымда елдің орталығында тіркеледі деп күтілуде.

«Республиканың солтүстігінде тәуліктік басым температура +20 және +25°С аралығында болады. Шығыста және орталықта +22-ден төмендеу температура болжанады. Оңтүстікте қатты ыстық +33 градусқа дейін әлсірейді», – делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.