Ұзақ жылдар бойы айтыстың басы-қасында жүрген Жүрсін Ерман қазақтың халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған республикалық ақындар айтысында қазылар алқасында төрелік етті.
Жүрсін Ерман ұзақ уақыттан кейін көпшілік алдына шықты
26,498
оқылды

Ақын Жүрсін Ерман Қостанай облысында өткен Республикалық ақындар айтысына келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұзақ жылдар бойы айтыстың басы-қасында жүрген Жүрсін Ерман қазақтың халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған республикалық ақындар айтысында қазылар алқасында төрелік етті. Ақынның фотосын Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай желіге жүктеген.

«Жүрсін Ерман ұстазымыз бастаған қазылар алқасына, айтыс ақындарына, ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін», – деп жазды ол.

Айта кетсек, Жүрсін Ерман былтыр ауырып, жансақтау бөліміне түскен. Кейін Еуропаға емделуге кеткен. 2024 жылы ақынның денсаулығы жақсарып, аяққа тұрғаны хабарланған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.