Күндіз Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады.
Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 11 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
1,760
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 11 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ, дауылды жел күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста жоғары қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады.

Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.