Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 13 маусым күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарайды
412
оқылды

Соған сәйкес, алдағы бейсенбіде сенаторлар Үкіметтің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы респуб­лика­лық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарайды.

Сондай-ақ бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.