«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы жылу құбырларына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.
Компания сенсорлы жылу құбырын орнатуға дайын
916
оқылды

Мониторинг жүргізуге барған де­пу­таттарға тұрғындар жерасты құ­быр­ларын ауыстыру кезінде жасыл же­лек­терге зиян тиіп жатқанын айтып, өз­ге­ше амал қарастыру керегін айтты.  

Мердігер мекеме өкілдері «бір тал кес­сең, он тал ек» деген аталы сөздің ба­рын айтып, барлық келеңсіздікті бол­дырмаудың тың тәсілін ойлап жат­қандықтарын айтты. Құбыр жүйелері ауыстырылып қана қоймай, заман ағымына сай цифрландырудың озық үлгісі болады деп сендірді мердігерлер. Айтуларынша, ақылды технологияның көмегіне сүйене отырып, трубалардың бойында арнайы жылу температурасы мен апатты жағдайдың болу ықти­мал­дығы сенсорлы тақталар арқылы то­лық көрсетіліп отырмақ. Осы арқылы те­сілген, су кеткен аймақтарды уақы­ты­лы көріп, шеберлер келе аламыз. Енді бұрынғыдай жерді қазып, қарап болғасын анықтау деген жайбасарлық бол­майды екен. Мына ақпараттарға қа­рап, міне жаңашылдық деп таңыр­қа­дық. Алайда бұл үшін компанияға бір жылға 23 млрд қаржы керек. Пар­тия­лық бақылау комиссиясы жобаның тиім­ділігін айтып, әкімдікпен жобаны қар­жыландыру бойынша ақылдаспақ. 

Айта кету керек, жөндеу жұмыстары кезінде ауызсу тоқтатылмайды екен.

Берік БЕК