Бүгін ауа райы қандай болады?
Аптап ыстық, жауын-шашын: 11 маусымға арналған ауа райы болжамы
693
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 11 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін де ел аумағының басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.  

11-12 маусым күндері республиканың шығысында жауын-шашынды ауа райы болады. 13 маусым күні орталық аймақтарда жаңбыр жауады деп күтілуде. 

Қазақстанның солтүстік бөлігінде ауа температурасы +20+25 °С болса, шығыс пен орталық аймақтарда +22+32°С-ден  +18+26°С дейін төмендеуі мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде термометр бағаны +33+40°С-ден +25+35°С дейін төмендесе, батыста керісінше +33+40°С дейін жоғарылайды деп болжанып отыр. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.