Қой мен ешкі бір адамның атынан бауыздалады.
Бір құрбандық малы қанша адамның атынан жарамды болады?
2,365
оқылды

Қой мен ешкіні тек бір адамның атынан құрбандыққа шалуға болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қой мен ешкі бір адамның атынан бауыздалады. Ал түйе мен қара мал бір адамның атынан да, жеті адамның атынан да сойылуына болады. Бірақ жеті адамнан асып кетуге болмайды.

Алайда түйе мен қара малды құрбандыққа шалуға біріккен кісілердің барлығының ниеті құрбандық құлшылығын өтеу мақсатында болуы керек. Егер олардың біреуі құрбандыққа тек ет алу ниетімен қосылса, барлығының құрбандығы құрбандық ретінде саналмайды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.