Астанада Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаске жабылады.
Астаналықтарға ескерту: Маңызды көшелердің бірі жабылады
279
оқылды

Сондықтан елорда әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан сапарын алдын-ала жоспарлауды сұрады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.

11-14 маусым аралығында Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаске жабылады, деп хабарлайды елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.  

11 маусым сағат 6.00-ден 14 маусым сағат 6.00-ге дейін бұл учаске толығымен жабылады. Қабанбай батыр – Хусейн бен Талал және Қабанбай батыр – Ұлы Дала қиылыстары ашылады. 

Елорда әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.