Күдікті діни себептермен зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан. 
Қостанайда радикалды діни идеологияны насихаттаған ер адам ұсталды (видео)
Фото: polisia.kz
729
оқылды

Қостанай қаласында полиция қызметкерлері радикалды діни идеологияны насихаттаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қостанай облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. 

Радикалды діни идеологияны ұстана отырып, ол өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дінді ұстанатын азаматтардың төмендігін насихаттайтын және діни себептермен зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан. 

– Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр, ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін,  – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов. 

Ол сондай-ақ осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.