Қарқаралыда жарқ еткен жас жігіт, Меркі командасында ойын көрсеткен жас шабандоз бүгін өмірден озды.
Қарқаралыдағы көкпарда жеңіске жеткен меркілік шабандоз өмірден өтті
Фото: instagram.com/shagyrbay_
4,691
оқылды

Қарқаралыда өткен көкпардан қайтып келе жатқан спортшы жол апатына түсіп, салдарынан бір көкпаршы қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы фотограф Бақберген Шағырбай хабарлады. 

"Соңғы ойын. Өмірден алған ең үлкен сабағым, пендешілік. Кеше Қарқаралыда өткен екі күндік тойда  көкпардан Меркі ауданының командасы суырылып алға шықты, бірінен соң бірін ұтып, бірінші орынды иеленді. Кеш қарайып жолға шықтық, шаршаумыз. Алдында арқа сүйер екі ағам және мен. Кенет ұялы телефоныма хабарлама келген, дауыстатып тыңдадым. Ол сөздер осылай айтылған еді: "Аға, ассалаумағалейкүм, шаршамадыңыздар ма? Чемпион болдық, шүкір, сізден сұрайын дегенім суреттерім болса, әке-анамды білесіз, келініңіз бар, қуантқым келіп еді"  деген аудиожазба келді. Тыңдадым да үн қаттым, "жолда келе жатырмыз, шаршадық, жеткен соң жіберемін" дегендей дөрекілендім. Жол үстіндеміз, кенет көлік басқарып келе жатқан ағам "ұлық болсаң, кішік бол" түсінем шаршайсың, бірақ та өз көңіліңмен жұртты санама деді. Өзімнің жақсы көретін інім ғой дедім де, жолды жалғастырдық. Елге аман-есен келіп, шаруаларды реттеп, тағы бір күн өтті. Таңғы хабарлама сағат 7.38. "Асссалаумағалейкүм, аға біз жолға шықтық деді.  Мен Ронти қазір суреттерің өңделіп жатыр дедім. Қарқаралыда жарқ еткен жас бала, Меркі командасында ойын көрсеткен жас шабандоз бүгін өмірден озды. Алла өзі жарылқасын. Отбасы, ата-анасына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды ол.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.