Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 12 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
886
оқылды

Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 12 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде  тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, еліміздің шығысында – қатты жаңбыр жауады, мемлекетіміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан,  Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында,  Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.