Оқиға 9 маусым күні болған.
Клиникалық өлім: Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түсті
1,325
оқылды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға 9 маусым күні болған.

Жамбыл облыстық Денсаулық  сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, сарбаздың жағдайы әзірге әлі де ауыр жағдайда.

«Науқас 9 маусым күні Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қордай орталық аудандық ауруханасына „полисегментальды пневмония“ диагнозымен жатқызылды. Оң жақта плеврит. 3-4 дәрежелі жұқпалы токсикалық шок. Сепсис. Мидың гипоксиялық ісінуі, церебральды кома 2-3. ДВС синдромы. Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді», — делінген баспасөз релизінде. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.