Төрт жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды
Видеодан скриншот
1,867
оқылды

12 маусым күні Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 105 шақырымында жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан төрт жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.