Тележүргізуші Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі Құндыз бен Назгүлдің үйіне барып, көпшіліктің атынан Құндызды туған күнімен құттықтады.
«Шашы өсіп кеткен»: Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілердің жағдайы туралы айтты
Фото: видеодан алынды
1,280
оқылды

Тележүргізуші Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі Құндыз бен Назгүлдің үйіне барып, көпшіліктің атынан Құндызды туған күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Ардақты ағайын, барлық қазақ елінің атынан Құндызды туған күнімен құттықтап қайттым. Апалы-сіңлінің жағдайлары жақсы. Шашы өсіп кетіпті, енді қайтадан сәндеу үшін салонға апарамыз. Қос қыз сіздерге де сәлем жолдауда», – деп жазды журналист.

«Туған күн құтты болсын, осы екі қыз сыртқа шыға ма, әлде үйде қамауда отыра ма», «Қыздар әдемі болып кеткен», «Осы қыздар қайда екен деп ойлап жүргем, көріп бір қуанып қалдым», «Сұлу ханшайым болыпты», «Руслан, өте керемет жансың», «Қыздар әп-әдемі болып қалыпты», «Екеуі мәз, қандай керемет» деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.