Қобда ауданы Жарық ауылындағы 93 отбасының 23-і көктемгі су тасқынынан зардап шеккен болатын.
«AMANAT» партиясы Ақтөбе облысындағы жаңа тұрғын үйлердің құрылысын бақылайды
1,512
оқылды

Қобда ауданы Жарық ауылындағы 93 отбасының 23-і көктемгі су тасқынынан зардап шеккен болатын. Оның 17-не ауылдан, 5 отбасына аудан орталығынан жаңа үйлер салынуда. Ал 1 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаңа үйлердің құрылысын «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы бақылауда ұстап отыр. 

 – Ауылдағы жаңа үйлердің іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілді. Құрылыс сапасын жіті бақылап отырмыз. Мамыр айының соңында басталған құрылыс жұмыстарын тамызда аяқтау жоспарлануда. Үйлер толық салынып біткенше, мониторинг жұмыстарын тоқтатпаймыз, – дейді аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мәрия Күзембай. 

Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, “Кап Групп” ЖШС және “Имур” ЖШС құрылыс жұмыстарын қарқынды, сапалы жүргізіп жатыр. Жобаға сәйкес, үйлердің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде ас бөлмесі, екі жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі және санитарлық торап бөлмесі қарастырылған. 

Айта кетейік, Қобда ауданы бойынша барлығы 151 үй салынып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.