Мәселені шешу жолдарын ұсынды.
Депутат елімізде жүгері көп өсірілгенмен, жартысынан көбі өңделмей жатқанын айтты
Фото: kz.otyrar.kz
1,140
оқылды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «АМАНАТ» партиясы фракциясының мүшесі Руслан Қожасбаев Қазақстанда жүгері өңдеуді кеңейтуді ұсынды. Ол бірқатар өңірде бұл дақылдың үлкен көлемде өсірілетінін, алайда өнеркәсіптік әлеуетіне қарамастан, егіннің айтарлықтай бөлігі қалып жатқанын атап өтті.

«Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарымен бірге Жетісу өңірі Орталық Азия аймағындағы жүгеріден ең ірі өнім өндіруші болып саналады. Өткен жылы Жетісуда 600 мың тоннадан астам жүгері жиналса, жергілікті зауыттар 200 мың тоннадан сәл ғана астамын өңдей алды. Осыған байланысты егіннің бір бөлігін егістікте қалдыруға тура келді. Ал шикізат бағасы төмен болып қалды... Жүгері өңдеу үлесін және дайын өнім өндіру көлемін арттыру үшін «Қорғас» АЭА аумағында жаңа зауыт салу қажет», - деді депутат.

Ол жүгеріні терең өңдеу мүмкіндігі бар екенін баса айтты. Жүгері сірке қышқылы, ацетон, бояғыштар, жем, отын, компост және қағаз өндіруге пайдаланылады. Бұл өнімдерге ішкі нарықта да, көршілес елдердің экспорттық нарықтарында да сұраныс бар. Дегенмен жүгеріні терең өңдеудің қуаттылығы жеткіліксіз: көлемінің 35%-ға жуығы ғана Жаркент крахмал-сірне зауытында өңделсе, қалғаны шикізат ретінде сатылады.

Депутат мәселені шешу жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, Жетісу өңірінде жүгеріні терең өңдеу үшін инвесторлартарту. Сонымен қатар субсидиялау ережелеріне биоэтанол өндірісін қосу және фермерлерді мемлекеттік қолдауға кепілдік беру үшін саланы қаржыландыру. 

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.