Ұсталғандар қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Бопсалаумен айналысқан екі блогер ұсталды (видео)
Видеодан скриншот
1,412
оқылды

Түркістан облысында полиция қызметкерлері бопсалау дерегіне қатысы бар күдікті 2 блогерді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облыстық ПД ҰҚҚКБ және Сайрам аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактісіне қатысы бар екі блогерді анықтады. 

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоқы жасап, ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды. 

Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпас үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.