Журналист Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібектің туған әкесі табылған. Алайда оның өмірден өтіп кеткені анықталды.
"Аумай қалған": анасын іздеген Жәнібектің тосыннан әкесі табылды
Фото: әлеуметтік желіден
25,290
оқылды

Қазақ радиосындағы “Бармысың, бауырым” хабарының редакциясы бельгиялық қазақ баланың биологиялық ата-анасын іздеу жұмыстарына қатысты мән-жайды мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібектің туған әкесі табылған. Алайда оның өмірден өтіп кеткені анықталды.

“Соңғы уақытта біз үнсіз жүргенімізге қарап ашылған қылмыстық істі тоқтатып тастады деп ойламаңыздар. Зерттеу жұмысы бір сәтке де тоқтаған жоқ. Кеше мен Арқалық қаласының полиция қызметкері Саят Исламовпен бірге Қарағанды қаласына барып келдім. Зерттеу барысында Жәнібектің әкесі болуы мүмкін деген ер адам анықталды. Өкініштісі, ол кісі өмірден өткен болып шықты. Сондықтан марқұмның жақындары мен ет жақын адамдарымен сөйлесу үшін полиция қызметкеріне еріп, өзім арнайы барған едім, бірақ туыстары сөзімізге, өтінішімізге құлақ аспады. ДНҚ тестіне қан тапсырудан бас тартты”, - дейді Қымбат Досжан.

Сондай-ақ редакцияға анонимді түрде Жәнібектің туған әкесімен бірге жұмыс істеген азамат хабарласқан. Ол Жәнібектің туған әкесінен аумай қалғанын атап өткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.