Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Корея Республикасының персоналды басқару министрі Ким Сын Хомен кездесті.
Дархан Жазықбай Корея Республикасының персоналды басқару министрі Ким Сын Хомен кездесті
898
оқылды

Екіжақты кездесу барысында тараптар мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару бойынша қол қойылған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдағы шараларды іске асыру барысын талқылады.

Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғырту бойынша алға қойған міндеттеріне сәйкес, агенттікпен атқарылып жатқан шаралар және осы бағытта цифрлық технологияларды қолдану жұмысымен таныстырды.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметте адам ресурстарын жетілдіру, HR құралдарды енгізу,  e-Qyzmet  жүйесі негізінде іріктеу және персоналды басқаруды цифрландыру бойынша жобалар мен бастамаларға да тоқталды.

Ким Сын Хо мемлекеттік қызмет саласын заман талабына сай үнемі жетілдіріп отыру маңыздылығына тоқталып, өз елінің мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ тараптар мемлекеттік қызметшілердің адам ресурстарын басқару саласындағы біліктілігін арттыру мақсатында олар үшін қысқамерзімді тағылымдамалар мен ұзақмерзімді оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

МҚІА төрағасы Корея Республикасының мемлекеттік қызметтегі адами ресурстарды басқарудағы жасанды интеллект технологияларын қолдану және автоматтандыру, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау тәжірибесіне қызығушылық білдірді.

Кездесу соңында тараптар алда мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе және білім алмасуда ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.