Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.
Абай облысында оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды
Фото: gov.kz
1,489
оқылды

Бүгін, 13 маусым күні, оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қорғаныс министрлігі аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады. 

«Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетілетін болады», – делінген хабарламада.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.