Дүбірлі додаға 300-ге жуық спортшы қатысты.
Жаңаөзенде бес мемлекеттің былғары қолғап шеберлері сынға түсті
1,220
оқылды

8-12 маусым аралығында Жаңаөзен қаласы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бокстан спорт ардагері, жаттықтырушы Ақылбек Теміровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Дүбірлі додаға Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Олар бес күн бойы өзара мықтыны анықтады. 

Жарыстың ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов, әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Халықаралық спорт шебері Ерік Әлжанов, Олимпиада ойындарының қатысушысы, Қарулы күштер арасындағы әлем чемпионы Берік Әбдірахманов, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, Маңғыстау облысы бокс федерациясының өкілдері мен Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қатысты.

Жарыста 2010-2011 жылдары туған жастар 17 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарыс жеңімпазы атанған спортшыға арнайы белбеу тағылды.

Ауқымды турнирді ұйымдастыруға «Халық» қайырымдылық қоры мен «Бірлік» қоғамдық бірлестігі демеушілік етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.