Екі жәбірленушіге де мидың жарақаттары, ми шайқалуы диагнозы қойылды.
Ақтөбеде пациент аурухана дәрігерлерін соққыға жықты
1,555
оқылды

Ақтөбе қаласында пациент аурухана дәрігерлерін соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға жедел медициналық жәрдем ауруханасында болған. Аурухана дәлізінде 36 жастағы науқас өзіне палатаға оралуы қажет екенін айтқан медицина қызметкеріне шабуыл жасаған. Ол әйелді басынан жұдырықпен ұрған, медицина қызметкері соққыдан құлап қалғанына қарамастан науқас оны ұра берген.

Кейін ол сыртқа шығып, аурухананың тағы бір қызметкерін ұрып-соғып, қашып кеткен. Екі жәбірленушіге де мидың жарақаттары, ми шайқалуы диагнозы қойылды.

Қашып кеткен науқасқа бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейінірек науқас психикалық аурумен ауырғаны және ол аурухана қызметкерлеріне шабуыл жасаған сәтте не істеп жатқанын түсінбегені анықталды.

Сотта медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық іс қаралды. Сотта науқастың анасы оны мәжбүрлеп емдеуге қарсы болған жоқ. Ол ұлы 2013 жылдан бері есепте тұрғанын және әскери қызметтен кейін психикалық ауруы пайда болғанын түсіндірді.

Сот ер адам бұзақылық жасағанын анықтады. Сондықтан сот оны жалпы типтегі психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.