1987-1990 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі қайтыс болды
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
6,957
оқылды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талапқали Ізмұхамбетов қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бүгін еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, КСРО денсаулық сақтау үздігі Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов қайтыс болды", – деп жазылған ДСМ мәліметінде.

Талапқали Әбішұлы кәсіби қызметін хирург дәрігерден бастаған, содан кейін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімдері меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1987-1990 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

"Денсаулық сақтау министрлігі дәрігердің жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", – деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.