Құрбан шалу, оның етін мұқтаж жандарға тарату – пайғамбарлардан жалғасып келе жатқан асыл іс.
Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында базар аралап, қасапшыларға насихат айтты
Фото: ҚМДБ
2,367
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Астана қаласындағы базарларды аралап, мүфтият жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілері мен «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының қасапшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алла Тағала сіз бен бізге қасиетті іспен шұғылдану нығметін нәсіп етті. Бұл – сауабы мен жауапкершілігі мол іс. Алла қаласа бір күннен кейін келетін Құрбан айт мерекесінде белсенді қызмет көрсетіп, халқымыздың жүрегіне қуаныш ұялатуға бар күш-жігерімізді жұмсайық. Құрбан шалу, оның етін мұқтаж жандарға тарату – пайғамбарлардан жалғасып келе жатқан асыл іс. Баршаңызды белсенді қызмет көрсетуде ыждағатты болуға шақырамын», -  деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.