Атырау тұрғынына 129 мың теңге айыппұл салынды.
Желіге діни мазмұндағы сурет жүктеген әйел 130 мың теңгедей айыппұл арқалады
1,093
оқылды

Бұған әлеуметтік желіге жүктеген сурет себеп болған,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау облыстық сотынан жазғандай, қаланың әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы ("Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу") бойынша істі қарады.

Атырау тұрғыны ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті көпшілікке жариялап, осы бапты бұзған.

"А.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдары, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, сарапшының қорытындысы, әңгімелесу хаттамасымен расталды",  делінген сот хабарламасында.

Әйелге 129 мың 220 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.