Бейнебақылау камераларының арқасында полицейлер "ізін суытпай" ұрының кім екенін анықтады.
Мопед ұрлаған ШҚО тұрғыны қандай жазаға тартылды?
ALL.BIZ Казахстан
564
оқылды

ШҚО тұрғынына мопед ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полицейлерге мопед ұрланғаны туралы өтінішпен облыс орталығының тұрғыны жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, таңертең белгісіз біреу оның подъезінің жанында тұрған "KhanMoto" маркалы мопед көлігін қолды қылған.

Бейнебақылау камераларының арқасында полицейлер "ізін суытпай" ұрының кім екенін анықтады. Ол 34 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Кейін ол өз іс-әрекеттерін мойындады.

Полиция қызметкерлері күдіктіден заттай дәлелдеме ретінде мопедті тәркіледі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.