Алғашқы рейс 15 маусым күні сағат 19:55-те Астана халықаралық әуежайынан Инчхон халықаралық әуежайына орындалды.
Астана мен Сеул арасындағы рейстер қайта жанданды
571
оқылды

Air Astana Қазақстан мен Оңтүстік Корея астаналары арасындағы тікелей рейстер қайта жанданды, – деп жазады Aikyn.kz.

"Бас қалалар арасындағы әуе қатынасы алғаш рет 2015 жылы іске қосылды. Бірақ жаһандық пандемияға байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Маршруттың қайта жандануы Оңтүстік Корея президентінің осы аптада Қазақстанға ресми сапарымен тұспа-тұс келіп, елдер арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту үшін осы бағыттың нақтылығын көрсетеді", – деп жазды компаниядан.

Астанадан Сеулға рейстер Airbus A321LR ұшағымен сәрсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет орындалады және Алматыдан Сеулге 2003 жылдан бері орындалып келе жатқан күнделікті рейстерді толықтырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.