Инспекторлар Ираннан келген 425 тоннаға жуық жеміске шектеу қойды
Инспекторлар Ираннан келген 425 тоннаға жуық жеміске шектеу қойды
©glbnews.com
286
оқылды
Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары 17-24 ақпан аралығында Ресей Федерациясы мен Иран Ислам Республикасынан елімізге 560 тонна фитосанитарлық қауіптілігі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз алып кірудің 26 фактісін анықтады. Ресейден фитосанитарлық сертификатсыз 54 тонна сәбіз, 10 тонна қырыққабат, 40 тонна картоп және қызылша, 20 тонна бидай, 19,5 тонна жеміс, сондай-ақ 2 мың бірлік гүл өнімдері өткізілу көзделсе,  Ираннан ел нарығына фитосанитарлық сертификаты жоқ 174 тонна алма және 249 тонна кептірілген жеміс кіргізілмек болған. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан аумағына тасымалдауға тиым салынған. Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.