16 маусымда Асу Алмабаев аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 58 турнирінде ең жеңіл салмақта өнер көрсетіп, жеңіске жетті.
Асу Алмабаев UFC-де тағы жеңіске жетті
1,463
оқылды

Одан кейін отандық спортшы рейтингтегі төртінші спортшыны жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол жаңа зеландиялық Кай Кара-Франс болып шықты.

"Мен үздік 15 немесе 10-ның қатарындағы файтер емеспін. Мен үздік бестікке жатамын!" – деп мәлімдеді Асу Алмабаев. 

Асу Лас-Вегаста америкалық Хосе Джонсонды жеңгеннен кейін осындай мәлімдеме жасады. Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын және ол төрешілердің бірауыздан шешімімен Алмабаевтың пайдасына шешілді.

Ал Кара-Франс тарапынан, әзірге ешқандай реакция жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.