Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірден іздеу жұмыстарын бастады.
Маңғыстау облысында 21 жастағы жігіт суға батып кетті
526
оқылды

Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай 33 км жерде, суға шомылуға жабдықталмаған аймақта 2003 жылы туған У. есімді азамат суға батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Суға батқан ер адамды іздестіруге өңірлік Төтенше жағдай департаментінен 15 құтқарушы, 5 техника, 4 жүзу құралдары және 2 дрон жұмылдырылған. Сондай-ақ өзара іс-қимыл шеңберінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Маңғыстау облысы бойынша 1 шағын күзет кемесі, 4 сүңгуір, 2 бірлік техника жұмылдырылған. 

ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ ЕО-145 тікұшағы тартылған. Іздеу жұмыстары барысында У. есімді азаматтың жағадан 90 метр ұзап кеткені анықталып, денесі 3 метр тереңдіктен табылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.