Тойда әншілер ыңғайсыз жағдайға жиі тап болатынын жеткізді.
«Бетіңнен былш еткізіп сүйе салады»: әнші Жеңіс Ысқақова тойдағы жағдай туралы айтты
Фото: instagram.com/ zhenisiskakova
9,831
оқылды

Әнші Жеңіс Ысқақова тойдағы жағымсыз жайт туралы сөз қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі ADAL Adam YouTube арнасына берген сұхбатында концерт пен тойдың өз орны бар екенін айтты. Сонымен қатар тойда әншілер ыңғайсыз жағдайға жиі тап болатынын жеткізді.

"Тойға барамын. Туғаным, туысқаным шақырады. Әнші болған соң әу деп әніңді айтасың. Бірақ менің әнім тойға көп келе бермейді. Таза тойдың әні бар. Қазір менен кейінгі жас балалар болсын, тек тойға жұмыс істейтін болды. «Тойға да келетін сол көрермен ғой. Неге тойдың әншісі бөлек» деп айтасыз» дейді. ...Тойдағы басқа көрермен. Біз той адамының көңілін көтереміз. Оның рөлі басқа. Соны айтсам адамдар түсінбейді. Мәдениетсіздеу қонақтар болады екен. Әніңді айтып тұрсаң, "Ее, Жеңіс, бері келші, суретке түсіп алайық" дейді. Мен оның сыныптасымын ба?! Менен он жас кіші жігіт. Мүмкін мен жас көрініп, қарындасы деп ойлап тұрған шығар. Бірақ мен кіші болайын, болмайды ғой, мен ән айтып тұрмын, жұмыс істеп тұрмын. Ол менің әнімді тыңдаудың орнына қолымнан тартып суретке түскісі келеді. Кейбіреулері бетіңнен сүйгісі келеді. Сахнада тұрсаң бетіңнен сүймейді ғой, қолыңнан жұлқылап суретке түспейді. Әрине, барлығы емес.  Сондайдан қашамын. Ал сахнада олай істей алмайды. ...Бетіңнен былш еткізіп сүйе салады. Болмайды, мәдениетсіздік қой. Мен біреудің анасымын, біреудің келіншегімін. Неге мені ішіп алған жігіт келіп, бетімнен былшылдатып сүйе беруі керек?!" – деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.