Санитарлық нормаларды сақтамаған кәсіпкер жазаланды.
Павлодарда 4 адам құймақтан уланып қалған
880
оқылды

Павлодарда эпидемиологтер улану дерегіне қатысты тексерісті аяқтап, шаралар қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

28 мамырда қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына төрт өтініш келіп түскен. Төрт адам Ак. Шөкин көшесінде орналасқан Eco bazaar сауда нүктесіндегі «Кренделия» дүкенінен шошқа еті, тауық еті мен ірімшік қосылған құймақтарды сатып алғаннан кейін уланды. Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс ашып, кәсіпкерлік нысанға барды.

–  Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды, – деді басқармадағылар.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды. Ол  424 580 теңге мөлшерінде айыппұл төлеп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындауы керек. Қазіргі уақытта аталмыш өнім сатылымнан алынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.