Біраз уақыт үнсіздік сақтаған өнер иесі енді алдағы уақытта сұхбат беруге дайын екенін жеткізді.
"Жігітше бар шындықты айтамын": "Меломен" тобының әншісі әйелі жариялаған видео туралы өз нұсқасын айтты
3,291
оқылды

Басы дауға қалған "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы бұрынғы әйелі Нұрилла Ақбергеннің желіде жариялаған видеосына қатысты пікір білдірді. Өнер иесінің экс-әйелі көпшілікке "соққы алған" кезінен бейнежазбаны көрсеткен еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ғабит Бибасыұлы аталмыш видео түсірілген күні не болғанын Instagram-дағы парақшасында айтты. Біраз уақыт үнсіздік сақтаған өнер иесі енді алдағы уақытта сұхбат беруге дайын екенін жеткізді.

"Тарап жатқан видеоға қатысты айтайын. Мен үш бала тәрбиелеп отырған адаммын. Бұрынғы әйеліммен екі жыл бұрын ажырасып кеткенбіз. Бұрынғы келіншегім видео салыпты. Сол жайында айта кетейін. Ешқандай қоспасыз, бояусыз, жігітше бар шындықты айтамын. Мен өзім зорлық-зомбылыққа қарсымын. Оған бүкіл әлем қарсы. Мені тиран деп айыптап жатыр екен. Негізі мен өзімді ажырастым деп айтуға ұялып жүрген адаммын. Сол видео түсірілген күн туралы айтайын. Бұрынғы келіншегім қасымда болды. Мен көлік жүргізіп келе жатырмын. Көлікте екеуіміз ғана болдық. Арамызда келіспеушілік болып, ол айқайға салды. Мен барынша бұл жанжалды тоқтатуға тырыстым. Мен оны ұрған жоқпын. Қолыммен "қойшы, болды" дегенде қолым мұрнына тиіп кетті. Жұдырықпен емес. Мен оны әдейі істеген жоқпын. Ер адам болған соң ашуға бой алдырдым. Күндізгі уақыт еді. Мен мешітке кіріп кеткен кезде ол видео түсіріп алыпты. Сол бейнежазбаны соншама уақыт бойы не үшін сақтағанын түсінбедім. Ол үш жарым жыл бұрынғы оқиға еді. Сол кезде балдызымнан ұят болды. Одан кешірім сұрадым. Келіншегім екеуіміз де бірнеше күннен соң татуласып, жақсы өмірімізді сүріп жатқан едік. Сен арың таза, маған адал келіншек болдың. Бірақ мына ісің ұят болды", – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.