Нұрболат Дәкебаевтың ісі қайта тергеуге жіберілген.
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіге тағы бір айып тағылды
397
оқылды

Енді оған бұзақылық бабымен қатар, орта деңгейде жарақат келтіру бабы бойынша айып тағылады, деп жазады Aikyn.kz.

КТК арнасы жазғандай, 27 қаңтар күні түнде шақыртумен бір жасар балаға келген жедел жәрдем жүргізушісі мен күдіктінің арасында жанжал туған. Арты төбелеске ұласып, Төреғали Берікқалиұлы оңбай таяқ жеген болатын. Кейін күдікті бой тасалап, бір аптадан кейін Қарағанды облысындағы қыстақтардың бірінен табылды. 

Алғашында жәбірленуші Нұрболат Дәкебаевты кешіргенін айтқан. Бірақ сотта ол ойынан айнып, бес миллион теңге материалдық шығын талап етті. Оның үстіне қосымша медициналық сараптамадан өтіп, денсаулығына орта деңгеде зиян келгенін растаған. Сондықтан оның қорғаушылары бұзақылыққа тағы бір бап қосуды сұраған. 

Оналйн режімде өтіп жатқан процесті уақытша тоқатқан судья істі прокуратураға жолдады. 

“Әлихан Бөкейхан ауданының проукурорына іс қайтарылсын. Бұзықылық бабымен қозғалған іске қосымша адам денесіне орта деңгейдегі жарақат келтіру бабы қосылсын”, – дейді судья Бақтияр Ақанов.