Оны шешу үшін өткен жылы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабылданды. Енді осыны уақытылы іске асыру – Цифрлық даму министрлігінің міндеті.
Олжас Бектенов: Жолдарда сапалы ұялы байланыс пен мобильді интернет болуға тиіс
851
оқылды

Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Жылдам интернет цифрландырудың негізі саналады. Осы ретте сапалы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі – стратегиялық маңызы бар міндет. Оны шешу үшін өткен жылы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабылданды. Енді осыны уақытылы іске асыру – Цифрлық даму министрлігінің міндеті. Барлық іс-шараны орындау нәтижесінде 2027 жылға қарай елді мекендер мен жолдарды байланыс желілерімен қамту 100 пайызға жетеді. Осы орайда тұрғындар жылдам, 100 Мбит/секундтан кем болмайтын интернетпен қамтамасыз етілуі керек»,  деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр республикалық және негізгі облыстық жолдарда сапалы ұялы байланыс пен мобильді интернет болуы тиіс екенін баса айтты.

«Байланыстың бұл түрі адамдардың сөйлесу немесе ақпарат алу мүмкіндігі ғана емес. Ол сондай-ақ жаңа сервистер, мемлекеттік және қаржылық қызметтер ұсыну, жаңа бизнес түрлерінің қалыптасуы екенін айта кеткен жөн. Сондықтан байланыс қызметтерінің көлемін арттыру экономикалық өсудің маңызды аспектілерінің бірі екені белгілі. Егер көрсетілетін қызметтер мен сервистерге онлайн әрі жылдам қол жеткізу болмаса, технологиялық жағынан ең озық жобалардың өзінен мемлекет қажетті әсер ала алмайды»,  деді Олжас Бектенов.