Ресми сайттағы бағасы – 89 млн теңге.
"89 миллион теңге тұрады": Дариға Бадықова салоннан алған жаңа көлігін көрсетті
Фото: Instagram/dariga_badykova
8,447
оқылды

Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова өзіне аса қымбат сыйлық жасады. Өнер иесі салоннан жаңа көлік сатып алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дариға Бадықова қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Ол көлігін алып кетуге барған сәтінен видео жариялап, оқырмандарына көрсеткен. Актриса салоннан Cadillac Escalade маркалы көлігін сатып алған. Ресми сайттағы бағасы  89 млн теңге.

"Мен тым қарапайым адаммын. Көп нәрсені ешкімге көрсетпеймін, айтпаймын. "Адал еңбектің ақысы" деген ниетпен шығардым. Шығарудың бір себебі бүгін бір шешімге келдім. Тозғанша, бұйырғанша жүргіземін деген ниетім бар", деп жазды Бадықова. 

Сонымен қатар Дариға Бадықова "көлікті біреу алып берді" деп жазып жатқандарға жауап берді.

"Машинамды салып едім. Өзіңіз алмаған шығарсыз, біреу сыйлаған болар деп жазып жатқандар да бар. Бұл сыйлай салатын шоколадтағы құлпынай емес қой. Байдың әйелі емеспін. Ешкімнің тоқалы емеспін. Одан кейін мен біреуден қымбат сыйлық алып көрмеппін. Біреудің ақшасын пайдалана алмаймын. Тіпті, көп жағдайда шотты өзім жабамын. Жалпы, ешкімге масыл қыз емеспін, шүкір. Намысты қолдан бермей отырмыз",  деп жазды актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.