Сот процесі жабық режимде өтті.
Танымал блогер Думан Ерқанат сот залында қамауға алынды
Фото: Instagram/duman_neo
3,854
оқылды

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы танымал қаржы саласы бойынша блогер Думан Ерқанатқа қатысты қылмыстық істі қарады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сот процесі жабық режимде өтті.

Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен Ерқанат зорлау айыбы бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

"Апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған. Қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Ерқанаттың кінәсі дәлелденді деп таныды. Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады", - делінген сот хабарламасында.

Заң талаптарына байланысты басқа ақпарат ұсынылмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін күшінде қалдырды.

Зорлау айыбына іліккен блогер Instagram-дағы парақшасында оқиғаға арнап жазба жариялаған. Оның айтуынша, оқиға болған түні қыздың өзі төсекке ыңғай танытқан, ал бірнеше сағаттан кейін ол полицияға шағымданатын айтып, блогерден ақы талап еткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.