Адамзаттың саулығы үшін, әсіресе жас ұрпақтың амандығы үшін алаңдап, дертке шипа іздеп, ауырған жанның көңіліне кірбің түспеу жолында атқарып жүрген, адам жанының арашашысы – ақ халатты абзал жандардың еңбегi қандай марапатқа болса да лайық.
Бала денсаулығының бағбандары марапатталды
1,157
оқылды

Маусым айының үшінші жексенбісі ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі. Айтулы күн қарсаңында  Педиатрия орталығында салтанатты жиын өтті. Жиында балалар денсаулығын нығайту жолында елеулі еңбек сіңіріп, денсаулық сақтау ісін дамытуға айырықша үлес қосып келе жатқан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының дәрігерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің   жоғары наградаларымен марапатталды.  

Медицина саласының үздіктерін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басқарма төрағасының клиникалық қызметтер жөніндегі орынбасары Асылжан Ерекешов пен басқарма төрағасының ғылыми және инновациялық қызметтер жөніндегі орынбасары Лязат Манжуова  марапаттап, барша қауымды кәсіби мерекемен құттықтады.  

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен бар ғұмырын балалар саулығына арнап келе жатқан дәрігерлер – Сәулелік диагностика бөлімінің дәрігері Елена Хен, онкогематолог дәрігер Мухаббат Ремкулова, мейірбике Күләш Рымова, фельдшер лаборант Айгүл Жаңабаева марапатталып, құрметке бөленді.  

Ал «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен Кардиохирургия реанимациясы, анестезиология және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Атхам Налибаев, №3 балалар онкологиясы және гематология бөлімінің онкогематолог дәрігері Әсел Мұратова, Функционалдық диагностика және физиотерапия бөлімінің нейромиография дәрігері Елена Левченко, Диагностикалық кеңес беру бөлімінің мейірбикесі Шынаркүл Ыбырайымова марапатталып, ерен еңбегі бағаланды.  

Балалар денсаулығын сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін берілген Құрмет грамоталарымен  Неонатология және жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Құрбанбеков, мейірбике Ардақ Мұқиева, мейірбике Гүлнұр Илгидаева, тазалықшы Меруерт Юсупова марапатталды.

Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен хирург Шалқар Қасенов, мейірбике Құралай Елеусінова, мейіргер Берік Бұзықбасов, электрик Виталий Емельянов марапатталып, ерекше сый-құрметке бөленді. 

Сонымен қатар медицина саласында ұзақ жылдан бері қызмет жасап келе жатқан қызметкерлер – есепші Рушангүл Әшімова  мен Шаруашылық қызметтер бөлімінің маманы  Жұмақан Үркімбаев «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Cонымен қатар балалар дәрігерлері мен орталық қызметкерлері  Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің медальдарымен және  «AQNIET»   Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Еліміздің медицина саласының ғылымы мен білімінің дамуына үлес қосып келе жатқан орталық маманы, Ғылым бөлімінің басшысы Айгүл Базарбаева  Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Алтын медалімен, Эндоскопия секторының медбикесі Рошангуль Бахниязова күміс медальмен, Пульмонология бөлімінің медбикесі Қарақат Досымова қола медальмен марапатталды. 

Сонымен қатар Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Құрмет грамотасымен №2 хирургия бөлімінің мейіргері Далелхан Рахметов, Алғыс хатымен Клиника-диагностикалық зертханасының шаруа-бикесі Ляззат Молдабекова марапатталды. 

Ал «AQNIET»   Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алғыс хаттарымен Хирургия бөлімінің онколог дәрігерлері – Шухрат Розиев пен Азамат Кубиев және Эндоскопия бөлімінің санитары Кульбарам Курбанова марапатталды.

Адам денсаулығы, ұрпақ, бала саулығы қай уақытта да ең басты құндылық болып есептеледі. Адамзаттың саулығы үшін, әсіресе жас ұрпақтың амандығы үшін алаңдап, дертке шипа іздеп, ауырған жанның көңіліне кірбің түспеу жолында атқарып жүрген,  адам жанының арашашысы – ақ халатты абзал жандардың еңбегi қандай марапатқа болса да лайық.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында бар өмірі мен қызметін кішкентай нәрестелер мен балалар денсаулығына арнап келе жатқан  700-ден астам қызметкер аянбай қызмет етіп жүр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.