Бүгін ауа райы қандай болады?
Бұршақ, жаңбыр, қатты ыстық: 19 маусымға арналған ауа райы болжамы
3,163
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 19 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік-батыс аймақтары антициклон әсерінде болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталады. Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауса, батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ, қатты жел күтіледі. Ел аумағында жел екпіні күшейеді. 

Күндізгі уақытта БҚО, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі. Маңғыстау, Атырау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде де қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе және Ұлытау облыстарында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, батысында, Қарағанды облысының орталығында, батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында, Маңғыстау облысының теңіз жағалауында, Жетісу өңірінің солтүстігінде, Алматы облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Абай облысының орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Сонымен қатар елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болуына байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.