Меккеге қажылыққа барған 550 адам қаза тапты

Қаза тапқандардың 60-қа жуығы иорданиялық.

Сауд Арабиясына қажылық кезінде қаза тапқан қажылардың жалпы саны 550-ге жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

AFP хабарлауынша, олардың 323-і египеттік, барлығы аптап ыстықтан қайтыс болды, тек бір адам жарақаттан көз жұмды. Қаза тапқандардың 60-қа жуығы иорданиялық.

17 маусымда Меккедегі мешітте ауа температурасы 51,8 градусқа жеткен. Биылғы қажылық 14 маусымда басталып, 19 маусым күні кешке аяқталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.