Солтүстік Қазақстан об­лыс­­­тық тарихи-өлкетану му­­­зейі­нің 100 жылдық ме­рей­тойына орай Петропавлда «Тау тұлғаларға тұғыр болған қа­сиетті Павлодар өңірі» ат­ты көрме жұмыс істеп жатыр.
Құнды дүниені ұлықтайтын көрме
793
оқылды

Жо­ба аясында Кереку өңі­рі­нен көрнекті тұлғалардың си­­рек кездесетін құжаттары, же­­ке заттары жиылған 100-ге жуық жәдігер әкелінген.

Көрмеге қойылған экспонат­тар­дың қатарында Мұса Шорма­нов­тың шам ұстағышы, Шәкен Ай­мановтың сахналық костюм­де­рі, Майра Шамсутдинованың «Та­­льянка» сырнайы бар. Пет­ро­павлдағы облыстық тарихи-өл­ке­тану музейінде бұл көрме бір айға дейін жалғасады.

«Екі елдің арасындағы тарихи тұл­ғаларымыздың арасындағы мә­дени байланыс сонау ертеден бас­талған. Сол мәдени байла­ны­сы­­­­мызды біз жалғастырайық деп екі елдің бір-бірімен осы тұлға­лар­ды таныстырайық, көрсетейік деп біздің елімізден шыққан әй­гі­лі адамдармен таныссын, білсін көр­сін деген ниетпен көрмені осын­да әкеліп отырмыз. Біздің елі­мізден шыққан Қазақ елінен шық­қан сол уақытта жалғыз әйел адам өнер адамы ол – Майра Шам­сутдинова. Көптеген әні біз­дің елімізге белгілі, бүкіл қазақ да­ласына белгілі композитор. Мі­не, осындай құнды дүниелері­міз сіздердің еліңізбен байланыс­ты­ратын дүниеміз көп соларды әке­ліп отырмыз», – деді М.Шамсут­­ди­нова атындағы ән-өнер шы­ғар­ма­шылық музейінің басшысы Ер­лан Рахимов. 

Ұйымдастырушылардың ай­туын­ша, мұндай көрмелер арқылы жас­тар көрнекті тұлғалардың өмі­рі­мен, шығармашылығымен та­ны­­са алады. Мәселен, келу­ші­лер на­зарына Естай Беркімбайұлының саптама домбырасы да қойылған, та­ғы бір ерекше жәдігерлердің бірі – айтыскер ақын Құдайберген Әлсейітовтың жиналмалы «тұмар» домбырасының түпнұсқасы. Көр­мені ұйымдастырушылардың ай­туынша, құнды дүниені Құдай­бер­ген Әлсейітовтың жиені Аман­гел­ді Уақпаев музейге тапсырған екен. Арнайы тапсырыспен жа­сал­­ған домбыра екіге бүктеледі, сол себепті де алып жүруге ыңғай­лы болған.

«Көрмедегі жәдігердің бәрі­мен таныстым. Әкелген заттардың барлығы өте ерекше. Мысалы, мұнда Естайдың домбырасы бар. Қарап отырсаңыздар бұл – сирек кездесетін домбыраның түрі. Қа­зақ­та бұрындары оны саптама дом­быра дейтін. Оны қалай тү­сінесіздер. Саптама домбыра де­ген бүктеледі, жиналады. Оны қор­­жынға салып жүруге де ыңғай­лы. Міне, осындай көптен бері көз­ге түспей жүрген домбыраны бүгін Павлодардан әкелген», – де­ді облыстық тарихи-өлкетану му­зейінің ғылыми қызметкері Дәстен Баймұқанов.

Алдағы уақытта көрнекті тұл­ға­лардың өмірі мен шығармашы­лы­ғын насихаттау үшін Қостанай облысының, Тараз, Қызылорда қа­лаларының музейлері Петро­павл қаласында осындай көрмелер ұйымдастырмақ.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ