Бүгін ауа райы қандай болады?
Қатты ыстық, жаңбыр, жел: 20 маусымға арналған ауа райы болжамы
3,588
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Республиканың басым бөлігінде ауа райы әлі де құбылмалы болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жауып, оңтүстігінде дауыл соғады. Ел аумағы бойынша жел күшейеді.

Тек елдің батысында, шығысында және орталығында антициклон әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Ұлытау, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, орталығында,Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының жағалауында, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Атырау,  Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.